Арайлы алтын күз
«Арайлы алтын күз» атты сайыс
№ 32 жалпы орта білім беретін мектепте мектепалды даярлық сыныптар арасында «Арайлы, алтын күз!» атты сайыс өтті. Бұл сайысқа төрт сынып қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Барлық қатысушы сыныптар байқау шарттарына жақсы дайындықпен келген. Өз өнерлерін көрсетуде балдырғандар барлық көрермендерді таң қалдырды. Бүлдіршіндердің дайындаған «Жаңбыр тамшылары», «Күзгі жапырақтар», «Саңырауқұлақтар» биі ерекше көзге түсіп, өз көрермендерін тапты. «Сән үлгісі-2017» бөлімінде күз тақырыбына байланысты әдемі киім үлгілері көрсетіліп, көрермендердің көңілдерінен шықты. Соңғы «Ас адамның арқауы» бөлімінде үйден әзірлеп әкелінген бір жеңіл асты қорғауға кезек беріліп, қалай дайындалғандығы туралы айтылып өтті. Сайыс соңында әділқазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтап, «Арайлы, алтын күз!» сайысында екі сыныптың топ жарғанын жариялады. Ал қалған екі топ мадақтама қағазымен марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өткізіліп, әкімшілік тарапынан сынып тәрбиешілерінің еңбегі жоғары бағаланды.
Конкурс «Золотая осень»
В средней общеобразовательный школе № 32 между классами предшкольной подготовки был проведен конкурс на тему «Золатая осень». Приняли участие четыре класса и они показали свои артистические способности . Зрители были довольны выступлением детей. Танцы « Капли дождя» , « Осенние листья», «Грибочки» удивили, обрадовали и нашли своих зрителей. На осеннюю тему был продемонстрирован показ моды и прошел под бурными аплодисментами родителей, учителей. И в завершении конкурса малыши приготовили блюда из овощей и фруктов и прекрасно защитили свое искусство. А в конце конкурса « Золатая осень» жюри ососбо отметили два класса, а оставшиеся команды были награждены похвальными грамотами. Конкурс был организован и проведен на высоком уровне и воспитателей предшкольный подготовки были отмечены благодарностью со стороны администрации школы .