06
октябрь
2026
“Кітаппен дос бол”
Мектебімізде «Тілдер шеруі» жоспары аясында 6-сыныптар арасында «Кітаппен дос бол» тақырыбында кітап оқудан сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын түсініп, мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау, көркем ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту. Кітапты рухани құндылық ретінде бағалауға, тұрақты оқырман қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сайыстың өткізілу барысында І бөлімде – «Зейінді оқырман»,
ІІ бөлімде – «Тапқыр оқырман», ІІІ бөлімде – «Ойшыл оқырман» анықталды.
Нәтижесінде сайыс барысында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігі байқалды.
Сайыс оқушылардың оқу сауаттылығын, есте сақтау, зейін қою, талдау, салыстыру, логикалық ойлау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Белсенді қатысқан оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Қорытындысында «Кітаппен дос бол» сайысы өз мақсатына жетті. Оқушылар кітап оқудың маңызын түсініп, көркем шығарманы жай ғана оқып қоймай, оның мазмұнын түсінуге, кейіпкерлерді талдауға және өз пікірін қалыптастыруға дағдыланды.
Сайыс барысында «Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани дамудың негізі» екені насихатталды. Осындай кітап оқу сайыстарын жүйелі түрде өткізу оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді оқырман қалыптастыруға ықпал етеді.