Мектепшілік лагерь «Достық-2019»
Мектепшілік лагерь «Достық-2019»
Жадыраған жаз қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас сәттермен толысып, әрбір оқушының жазғы демалыс лагерімен байланысты екені сөзсіз. Біздің Семей қаласының №32 жалпы орта білім беретін мектебінде балалалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан «Достық» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Жазғы сауықтыру лагері қазақ және орыс сыныптарына арнайы құрылып, жалпы жиыны 230 бала өтініш берді. Соның ішінде көпбалалы, азқамтылған 70 білім алушы тегін тамақпен қамтылды. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Лагерь демалушыларына әртүрлі ойындар ойнатылып, тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады және театр, кинотеатр, ойын-сауық орындарына арналған күндер өткізілді. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәлімгерлер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысын қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда.Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтуде деп айтуға болады.
Жазғы сауықтыру лагеріндегі қызықты сәттер




