29
январь
2020
3 "А" сыныбында "Менің қауіпсіздігім" тақырыбындағы ашық сабақ
Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінде, 3 "А" сыныбында дүниетану пəнінен "Менің қауіпсіздігім" тақырыбы бойынша педагог-сарапшы Илекеева Гульнур Мырзахмедовна ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:білім алушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру, тұрмыстық электр құралдарын пайдалануды графикалық түрде көрсету.
Білім алушылар сабаққа белсене қатысып,өз білімдерін көрсете білді. Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жасалды. Оқытудың "Сана-сая жолы", "Əткеншек", "Попкорн" əдіс-тəсілдері пайдаланылып, сабақты қорытындылау мақсатымен"Полиглот" сайысы ұйымдастырылды, сабаққа өз үлесін қосып, өрт сөндіру құралымен, қауіпсіздіктің алдын алу ережесімен таныстырып кеткен мектебіміздің алғашқы əскери жəне технологиялық дайындық маманы Султаев Бауыржан Нурбековичтің кеңестері аса маңызды болды. Сабаққа кері байланыс "Көз, құлақ, жүрек" əдісі арқылы жасалып, топтың жинаған ұпайлары бойынша бағаланды. Сабаққа қатысқан директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Сахариева Г.Н мен бастауыш сынып мұғалімдері сабақты жоғары деңгейде өткізілді деп бағалады. Сабақ мақсатына жетті!