Матеева Гульнур Кайнарбековна » Средняя общеобразовательная школа № 32
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№32 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-14-91
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-10-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

Матеева Гульнур Кайнарбековна

Матеева Гульнур Кайнарбековна директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары білім беру ұйымындағы тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз етеді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруға бағытталған жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады, аға тәлімгерлердің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қызметін үйлестіреді және олардың жұмысын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.Тәрбие жұмысына, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау, дайындау және өткізуге қатысты нормативтік және есептік құжаттаманың уақытылы әрі сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді. Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Педагогтердің кәсіби дамуын, біліктілігін арттыруды және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруді ұйымдастырады.Тәрбие процесін жүзеге асыруда білім беру ұйымы әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтің, қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдерімен және ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Білім беру процесіне қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды.
    Психологиялық қызметтің жұмысын, білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын енгізіп, мектеп пен отбасының тиімді әрі толыққанды өзара байланысын қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтердің түрлі деңгейдегі конкурстарға, слеттерге, форумдар мен конференцияларға қатысуын ұйымдастырады.