10
октябрь
2025
“Еңбек адал-жас өрен” жобасы аясында
“Адал азамат” біртұтас бағдарлама негізінде “ Еңбек адал-жас өрен” жобасы аясында 2025жылы 9қазанда “№32 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ 10-11 сынып білім алушыларына Семей медициналық универсистетінің Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры Жазыкбаева Лашын Курмангалиевна және студенттерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты:оқушыларға медицина саласындағы мамандықтармен таныстырып, кәсіби бағдар беру.
Мамандар оқушыларға дәрігер мамандығының маңызы мен жауапкершілігі туралы қызықты ақпараттар ұсынып, буклеттер таратты.Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, медицина саласының ерекшеліктері жайлы толық мағлұмат алды.