30
ноябрь
2023
Alikhan Bokeikhan UNIVERSITY-мен кәсіби бағдар жұмысы
2023 жылдың 29 қарашасында Alikhan Bokeikhan University оқытушылары Қалдыбаева Д.О., Дуйсембинова Ж. С. және әскери кафедра оқытушысы майор А. Мансуров 11 сынып түлектерімен кездесті. Кездесу барысында үгіт-насихат жүргізіліп, университеттегі мамандықтармен және әскери кафедра туралы ақпарат берілді. Оқушыларға буклеттер таратылып,викториналық ойындар ойнатылды.


