"Atamura Cup: Tarihpen Oralu" » Средняя общеобразовательная школа № 32
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№32 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-14-91
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-10-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2021

"Atamura Cup: Tarihpen Oralu"

Оқушылардың бойында сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты дұрыс талдау, командамен бірлесіп жұмыс істеу, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру мақсатында және дебаттық қозғалысты жандандыруда 2021 жылдың 31-шi қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қ. бойынша білім бөлімінің «№32 ЖОББМ» КММ «Атамұра» ИПК-ның ұйымдастыруымен "Atamura Cup: Tarihpen Oralu" атты пікірсайыс турниры өтті.

Бұл сайысқа Семей мектеп лигасынан 12 фракция қаламыздың №32, 22, 23, 11, 21 мектептерінің  пікір-сайысшылары қатысты.

Турнир тематикасы – «Ұлы Отан соғысы». Сәйкесiнше тақырыптар, фракция атаулары осы тематикаға байланысты болды. Турнир  онлайн форматта, Discord платформасында өткізілді.

Турнир қорытындысы  келесідей:
І орын - Серікбосынов Нұргелді, Садықова Мөлдір;
ІІ орын - Нығыметханова Жайдары, Кенжеғалиева Шырын;
ІІІ орын - Ғанятул Кәусар, Оралғазы Ақниет, Қоқамбекова Қарлығаш, Тұңғышбаева Мөлдір 

Линкольн – Дулгас форматындағы ойынның чемпионы - Серікбосынов Н., финалисті - Қоқамбекова Қ. болса, жас дебатерлер арасындағы ойында І орынды  Бақаш Анель, Қаирбек Мадина иеленсе, ІІ орын иегерлері - Зейнулла Шырай, Ашимова Наргиз. Ең үздік төреші - Мұқанов Ілияс атанды.