«АУҒАН СОҒЫСЫ –ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» атты әскери эстафеталық жарыс
«АУҒАН СОҒЫСЫ –ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» атты әскери эстафеталық жарыс
2023 жылы 17-ші ақпанында №32 ЖОББМ КММ Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған «АУҒАН СОҒЫСЫ –ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» атты әскери эстафеталық жарысы өткізілді.
Жарыстың өткізілу мақсаты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысына сәйкес «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын іске асыру;
Жарысқа 10-11 сыныптар қатысты.
Жарысқа қонақ ретінде ауған соғысының ардагерлері Бейсенбаев Серікбосын Мұздыбайұлы, Әділман Талғат Асқанұлы және 28738 әскери бөлім «Дивизия командирінің тәрбие жіне идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары» капитан Жумабеков Анияр Адлетович,«№46 ЖОББМ» КММ Алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі Шарипов Дәулет Рахметоллаұлы қатысты.
Бас жүлдені эстафетада 11 «Б» сыныбы иеленді, II –орын 11-«Г», III орын – 10 «А» иеленді.
АК-74 толық емес бөлшектеп жинау жарысында I –орын Шрахметов Бектас, II –орын Сериккалиев Мерей,
III –орын Ахмеджанов Адилхан алды.
Арқан тартыс сайысында: I – орын 10 «Б», II – 11 «Г», III орын – 11 «А» иеленді.














