"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспары » Средняя общеобразовательная школа № 32
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№32 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-14-91
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-10-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспары
25
октябрь
2019

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 «№ 32 ЖОББМ» КММ













Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық 

контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 

мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы


«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы























Семей қаласы

2019-2020 оқу жылы


Мақсаты:

Тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, үйрету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған.


Міндеті:

оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарымен таныстыру;

- мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы, акциялар, диалог алаңдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;

- мемлекеттік қызметтегі эткикалық нормалардың ерекшеліктерін және мәнін қарастыру, олардың профилактикалық мағынасын анықтау;

- түрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени, діни, бизнес-құрылым, жастар, білім беру саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қоғамдағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны мен рөлін анықтау;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдептің стандарттарын қалыптастыру.


Клубтың өзектілігі:

Қоғамда қалыптасқан жағдайды ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясны жүзеге асыруда қарастырылған. Онда мемлекетпен қоғам өміріндегі түрлі салаларда жемқорлық мінез-құлықтарын тудырушы себептер мен шарттарды төмендету мен жоюға ерекше назар аударылған.  


 Клуб қағидаттары: 

- Кешенділік, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстаныммен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын  қалыптастыруға бағытталғандығы;

- Тиімді тәсіл арқылы байланыс, яғни келесі қабілеттерді дамыту: ақиқатты сын көзқараспен бағалау, оқиғаға өзінің тәуелсіз баға беруі, көзқарасын дәлелді қорғау, өзіне жауапкершілік алу және өз пікірлеріне сәйкес әрекет ету;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда профилактикалық, алдын алу тәсілінің басымдылығын түсіндіру.


Күтілетін нәтиже

- мақсатты топтартың ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша өзекті білімдерді игеруі қажет;

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі ережелерін білуі қажет;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделінің тәжірибелік дағдысын игеруі қажет;

- Мұғалімдер кәсіби қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты туындататын шарттарды жоюға талпыныс жасауы қажет;

- жемқорлық  құбылыстарының алдын-алуға бағытталған кәсіби шаралар қолдануы қажет;


Мақсатты топтар ескерілген тыңдаушылар контингенті:

- оқушылар;

- мектеп ұжымы(әкімшілік,мұғалімдер т.б);

- ата-аналар;


Клубты ұйымдастырудың әдістері мен нысандары түрленіп, лекциялар, мәдени іс-шаралар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, флеш-мобтар және т.б. ретінде жүргізіледі. Әдістер мен нысандар мақсатты топтардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың дайындық деңгейлеріне байланысты анықталады. 































Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру жоспары


№ р/с

Тақырып атаулары

Мақсатты

топ

Мерзімі


1

Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениетін

жоғарлатуға бағытталған 

«Адалдық сағаты» атты тақырыптық сынып сағаттары .



5-11 сынып оқушылары


Қыркүйек

2

«Қоғамдық тәртіп» тақырыбында пікірталас практикумы. 

9-11 сынып оқушылары

Қыркүйек


3

«Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы

8-11 сынып оқушылары

Қазан


«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі балалардың көзімен» сурет байқауы

4-7 сынып оқушылары

Қараша

4

Конкурс социальных роликов «Молодежь против коррупции»

среди учащихся

 8-11 классов 


Декабрь

5

«Оқиғалар күнтізбесі» жобалар байқауы

(мониторинг нәтижелері бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасын жасау)

9-11 сынып оқушылары

Қаңтар

6

Конкурс экспресс-плакатов 

«Взятка — враг общества»; 

8-10 классы

Февраль

7

«Мемлекеттің ұстанымы - халыққа адал қызмет» атты шығарма байқауы

5-8 сынып оқушылары

Наурыз

8

Анкетирование «О доверии граждан к современной власти»

среди учащихся

 9-11 классов 


Апрель

9

Лекция с элементами беседы: 

«Горячие точки“ коррупции»


среди учащихся

10-11 классов 


Май




























2019-2020 оқу жылы бойынша мектеп ортасында

жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін

 қалыптастыруға арналған бағдарлама


1.     Жалпы Ережелер


1.Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама )тәрбиенің   Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп мектеп оқушылары үшін жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.


2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері


2.Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.

3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін  келесі міндеттер қойылады:
 1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты  тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
 2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет  институттарына  сенімін арттыру;
 3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
 4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты игілікті-әдептік құндылықтарын  қалыптастыру.

4.Кешенді ісшараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:
 1) адамгершілік тәрбиесіморальдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
 2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың  қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне  бағытталған;
 3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.


3.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру


5. Мектепте мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін,мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға деген ынтасын қалыптастыруға, білім мен мәдениет деңгейлерін арттыруға  бағытталған шаралар кешені өткізіледі.

6.Мектепте құрылған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысып қолдау жасайды.

7. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:
 1) 2019-2020оқу жылына мектептің тәрбие жұмысының кешенді жоспары;
 2) сыныптық тәрбие жұмыс жоспары;
 3)  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары.

8. Жоспарда тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық ұйымдармен, жемқорлықа қарсы әрекет жасауға өкілетті органдарымен және басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттерге бағытталғанкүнтізбелік іс шаралардың өткізілуі беріледі.

9. Тәрбие жұмысын жүргізуге азаматтар және қамқорлық кеңестері, ата-аналар комитеті, қоғамдық бірлестіктер, жемқорлыққа қарсы тұруға өкілетті  және басқа мемлекеттік органдар қатыса алады.


4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы ережесі 


 1. Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының Негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау,  жемқорлыққа қарсы сипатты  шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.

2. Ұжым: 8-10 -сынып оқушылары .

3. Құрылымы

  «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипатты бөлімдерден құралған:

-         Жемқорлыққа қарсы білімдер;

-         жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық;

-          жаппай- мәдени іс шаралар.

4.Жемқорлыққа қарсы білімдер бөлімінде  лекциялар, «дөңгелек үстелдер және басқа  ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады .

5.Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық бөлімінде үздік бейнеролиқтер, суреттер, шығармалар сайыстары мен шараларды ұйымдастыруға қатысады.

6.Жаппай мәдениеттік шаралар бөлімінде науқандар, флэш-мобтар, диалогтік алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдары,мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа әлеуметтік-мәнде шаралар  ұйымдастыруға қатысады.