Экология жанашырлары «Жас Ұлан» ұйымы
«Жас Ұлан» мүшелері экологиялық айлыққа өз үлестерін белсенді қосуда, себебі олар ант қабылдағанда «Табиғатты аялауға» сөз берген...Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Айнала бізді қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау , оның бойындағы бар байлықты адам игілігі үшін мейілінше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту мәселесін ойдағыдай шешу бүгінде бүкіл дүние жүзі халықтарының алдында тұрған ортақ міндет. Өйткені бүкіл Жер планетасы, айналадағы табиғи орта адамзат үшін ортақ. Бұл абыройлы міндетті бұлжытпай алға алып барушылар еңбектің қадірін, еңбек өнімділігін арттырудағы табиғат байлығының рөлін толығынан түсіне білетін біз жастар. Біз үшін экологиялық тәрбие бұл тек «жұлуға болмайды», «ластауға болмайды» деген жалаң ұран ғана емес, сонымен бірге не себепті олай етуге болмайтындығын түсіну. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз керек! Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек!