27
январь
2021
Менің қаламның экологиялық жағдайы...
11«А» сыныптың оқушылары биология пәні мұғалімі Амиргазина С.Ғ. бірлесіп экологиялық пікірталас ұйымдастырды. Ашық алаңда адамзатты алаңдататын экологиялық мәселелер талқыланды. Мектеп бітірушілер өз ойларымен еркін бөлісті. Қаламызды көркейту үшін қандай үлес қосамыз? Ол үшін барлығымыз экологиялық мәдениетті болуымыз керек. Сонымен қатар, қалдықтарды көбейтпеу үшін бір рет қолданатын заттардың орнына қайта пайдалануға болатын заттарды қолдануымыз керек. Төмен көміртекті отын энергиясын қолдану керек. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін - де сүйе алмайды.

