«Болашақта сыбайлас жемқорлықсыз»
2020 жылғы 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында «Болашақта сыбайлас жемқорлықсыз» апталығы аясында «№32 ЖОББМ» КММ-де қашықтық форматтағы іс-шаралар өткізілді. 1-5 сынып оқушылары үшін «Сыйлықтар және ризашылықтың басқа жолдары», «Көмекке қалай алғыс айту керек» тақырыптарында ақпараттық сағаттар өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ деп айтыңыз!» үгіт-насихат топтарының онлайн-көрсетілімін 6-7 сынып оқушылары көрсеткен. «Адал ұрпақ» клубының жетекшілігімен 8-9сынып оқушылары арасында «Мен сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруге құқығым бар» немесе «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты бейне байқау өткізілді. 10-11 сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір - гүлденген ел» эссе байқауына қатысып, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам туралы өз ойларымен бөлісті. Өткізілген барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Аптаның қорытындылары «Адал Ұрпақ» клубының онлайн-отырысында шығарылды.

