«Ертегі еліне саяхат» байқауы » Средняя общеобразовательная школа № 32
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№32 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-14-91
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-10-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ертегі еліне саяхат» байқауы
10
декабрь
2019

«Ертегі еліне саяхат» байқауы

№32 жалпы білім беретін мектепте мектепалды даярлық сыныптар арасында «Ертегі еліне саяхат» атты байқау өтті. Бұл байқауға үш сынып  қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту. Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Барлық қатысушылар байқау шарттарына жақсы дайындықпен келген. Бүлдіршіндер «Бауырсақ», «Үйшік», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін сомдап, барлық көрермендерді таңқалдырды. Байқау соңында мектепалды даярлық сыныптар арасындағы «Ертегілер еліне саяхат» атты қойылымдар байқауында ерекше өнерлерімен қойылған талап тұрғысынан шыға білгені үшін   әділқазылар алқасы  байқау жеңімпаздарын «Ең үздік көрініс», «Ең үздік автор», «Білім құмарлар»  атты номинацияларымен марапаттады.  Байқау соңында барлық  балалар «Ертегілер» әнін айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.