Болашақтың энергиясы: жердің азабы

Энергия - адам өмірінің дамуын қамтамасыз ететін табиғи қайнар көз. Ал «Болашақ энергиясы» бұл тұрақты қуат көздерін зерттеп, қуатпен жабдықтап, тиімділігін арттыруды мақсат еткен жоба. Бұл жобаның еліміз үшін маңызы зор. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экологиялық ахуалы ауыр. Менің ойымша, болашақ энергиясы жер азабы болып табылады.
Мен оны мынадай фактілермен дәлелдей аламын.
Біріншіден, бұл жоба өмірге қажетті болғанымен, қоршаған ортаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Тиімді жақтары: көлікті электірлендіру, энергияны тұтыну, экологиялық таза энергия болса, теріс әсері: қоршаған ортаның ластануы, денсаулығымызға қауіп қатері, ауа-райының өзгеруі болып табылады.
Екіншіден, «Болашақ энергиясына» қатысты мәселелердің шешімін табу аса маңызды. Астанамызда өткен «ЭКСПО-2017» көрмесінде 3 ай бойы мұнда 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым «Болашақ энергиясы» тақырыбында ізденістерін жария еткен. Мысалы, табиғи құбылыстардан электр қуатын өндіру мүмкін екені дәлелденген- «Үздік тәжірбиелер алаңы» нысаны.
Қорытындылай келе, «Болашақ энергиясы» елімізге оң әсерін де, теріс әсерін де тигізеді. Оның біздің өмірімізде маңыздылығы мен қажеттілігі өте зор. Біз келешек ұрпақ осы энергия қуатының тиімділігін арттырып, қуат көздерін дамытып, қолжетімді болуына жағдай жасауымыз қажет.