11
ноябрь
2025
“Адал азамат” біртұтас бағдарлама негізінде
“Адал азамат” біртұтас бағдарлама негізінде “ Еңбек адал-жас өрен” жобасы аясында 2025жылы 11қарашасында “№32 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ 9 сынып білім алушыларына «Болашаққа маңызды мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар туралы түсінік қалыптастыру және саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру болды.Кездесу барысында қатысушылар заманауи қоғамда қажетті мамандықтар мен болашағы бар жаңа кәсіптер жайлы әңгімелесті. Сондай-ақ, жойылып бара жатқан мамандықтар мен олардың орнын басатын жаңа салалар туралы пікір алмасты.Іс-шара оқушылардың өз болашағына жауапкершілікпен қарап, мақсаттарын айқындауға және армандарына жетуге ынталандырды.