24
февраль
2021
22.02.2021 ж. жалпы ата-аналар жиналысы
2021 жылдың 22 ақпанында мектебімізде Zoom платформасы арқылы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. «Балалар және әлеуметтік жүйелер». Информатика мұғалімдері Имашева А.Т., Жакыпова Г.А.
2. «Әлеуметтік жүйелердің балалардың психикасына әсер етуі».
Мектеп психологтары Мурсалимова Л.А., Матеева Г.К.
3. «Балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы». Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Макурсанов М.Б.
4. «Ата-аналардың және кәмелеттікке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы» Семей қ. ІІБ АПБ ЖПК КТІЖ инспекторы, полиция капитаны Сазанбаева А.Н.
.
Ата-аналардың назарына интернеттегі және әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі мәселелері жеткізілді, интернет арқылы балаларға жағымсыз әсер етудің және әлеуметтік желілердің бала психикасына зиянды әсерінің негізгі түрлері қарастырылды.
.
Жиналыста балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу шаралары және ата-аналар мен ересектердің балалардың көшедегі қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі қаралды.
.
Семей қ. ІІБ Әуезов ПБ ЖПҚБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Н. Сазанбаева ата-аналарға ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы айтып берді.
.
Жиналыс соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне жоғары сапалы және сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.





