«Абай әлемі». Абай шығармаларын оқуға шақырамыз.
Абай-ақын, Абай-дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Абай шығармаларын оқуға шақырамыз. Осыған орай мектебіміздің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Рахимбаева Жанар Кенесбековнамен бірлесіп «Абайдың шығармашылық мұрасы» онлайн конференциясы өткізілді. Мұнда 8 «Г», 9 «Г», 10 «Г» 11 «Г» сынып білім алушылары қатысты. Мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмір жолына қысқаша тоқталу. Өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашу, білім алушыларды өлең құрылысына енгізген жаңалықтарымен, өлеңдердегі рухани-адамгершілік қағидаларымен таныстыру, шығармашылығындағы негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру болды. Мектеп кітапханашысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, балалармен сұрақ-жауап арқылы Абай туралы әңгімелер айтылды. Абай шығармашылығынан қазақ және орыс тілдерінде кітаптар ұсынылды.
