Мектеп оқушылары "Елбасы медалі" иегері атанды » Средняя общеобразовательная школа № 32
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
"№32 жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-14-91
Есепші бөлімі:
+7(7222) 36-10-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушылары "Елбасы медалі" иегері атанды
01
апрель
2021

Мектеп оқушылары "Елбасы медалі" иегері атанды

"Елбасы медалі" - жас ұрпақты кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі ерекше бағдарлама. Ол 14 пен 29 жас аралығын қамтиды.
Бағдарламаның мәні - қатысушының 7 бағыт бойынша мақсатты және жүйелі қызметіне негізделеді. Бағдарламаға қатысу арқылы олар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға, оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылыққа бет қойып, өзін-өзі үнемі дамытуға үйренеді. 
Осы көлемді жобадан біздің мектебіміздің білім алушылары да сырт қалмай, белсене қатысып, "Елбасы медалі" иегерлері атанып отыр. Олар:
1. Рахымбекова Эльмира 10 "А" сыныбы (Ұстазы: Дуйсекенова А.С.)
2. Сарқытбаева Бұлбұл 9 "Е" сыныбы (Ұстазы: Сайдуллаева И.К.)
3. Исабаева Нұрай 9 "Б" сыныбы (Ұстазы: Байбатчанова А.А.)
Олар өз марапаттарын қалалық білім бөлімінің арнайы ұйымдастырған іс-шарасы көлемінде қабылдау мәртебесіне ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.